Қараоба ауылы Павлодардан жетпіс километр жерде орналасқан, ауылда 165-тен астам отбасы тұрады. Жиырма бес отбасы қазірдің өзінде кеңейтілген цифрлық қызметтерді пайдаланып, оны бағалап үлгерді.
Сымсыз интернеттің пайда болуын мектеп оқушылары мен жасөспірімдер қуана қабылдады, олар қазір қалалық құрдастарымен тең дәрежеді желіні «шарлап», бейнелі дүниелердікөріп, мессенджерлерде сөйлеседі, шет тілдерін үйренеді, бейне сабақтар арқылы жаңа хобби игереді.
Караоба мұғалімдері интернеттің игілігін креативті түрде пайдалануда, бүгінде пікірсайыс клубын құрып, оқушылардың бойында шешендік өнер, сыни көзқарас, пікірін ашық білдіру секілді дағдыларды дамытуда.
«Пікірталастарға дайындық кезінде оқушылар желідегі ақпаратты «сүзіп», пайдалы материалдарды іздеуге үйренеді. Әр апта сайын талқылау үшін тарихи оқиғалардан бастап соңғы хабарларға немесе тың жаңалықтарға дейін әр түрлі тақырыптар көтеріледі, кейде қатысушылардың өздері пікірталасқа арналған болашақ тақырыптарды ұсынады», – дейді тарих пәнінің мұғалімі Кисина Мәкен Амангелдіқызы.
Ауыл тұрғындарында үйдегі «жаңартылған» интернеттің пайда болғаны туралы жаңалықтарды оқушылардың өздері бөліседі. Мәкен Амангелдіқызы кейбір оқушылардың үлгерімі «жақсарғанын», енді біреулері бейне сабақтар арқылы жаңа хобби тапқанын, мысалы, қыздар бисер тоқумен айналыса бастағанын, ал кейбір оқушылар шет тілдері мен тарихты үйренуге қызығушылық танытқанын атап өтті.
Карима Қабдуалиева – Қараоба орта мектебінің 8-сынып оқушысы. Жазғы демалыс кезінде Карима арнайы курстарға жазылып, ағылшын тілін тереңдетіп оқи бастады.
«Ағылшын тілін үйренгенді ұнатамын, болашақта аудармашы болғым келеді. Жазда анам екеуміз өзімізге ыңғайлы оқытушыны мұқият таңдап, Алматыдағы бір мұғалімге тоқтадық. Сабақтар аптасына екі рет бейнебайланыс арқылы өтеді, егер әрі қарай оқитын болсам, IELTS тапсырып, шетелдік университетке түсуге талпынып көремін деп ойлаймын», – деп жоспарларымен бөлісті Карима.
Қашықтан оқыту курсында екі ай оқыған соң Карина білімін базалық деңгейден орта деңгейге дейін «көтерді».
«Қызым мектеп бағдарламасы бойынша ағылшын тілінің негіздерін оқи бастады және қосымша оқығысы келді. Ол кезде біз үйде тек мобильді интернетті қолдандық, онлайн сабақтар гигабайттар пакетін «жеп қоятындықтан» Қарима толыққанды оқи алмады. «Қазақтелекомның» интернеті пайда болғаннан кейін бұл туралы алаңдамайтын болдық, жылдамдығы секундына 20 Мбит-қа дейін және ол жылдамдық кешке де төмендемейді», – дейді Кариманың анасы Гүлмира Сейфуллина.
Радиокөпір орнатылған соң Қараоба тұрғындары трафиктің шектеулілігі мен желінің тұрақсыз жұмыс істеуімен байланысты қиындықтарды ұмытып кетті.
«Сенімді байланыс жастар мен компьютерде жұмыс істейтіндер үшін маңызды, цифрлық қызметтер танымал бола бастады, өйткені кейбір мәселелерді үйден шықпай-ақ интернет арқылы тыныш отырып шешуге болады. Павлодар өңірінде «Қазақтелекомның» 90 мыңнан астам пайдаланушысы бар, олардың жартысынан көбі «оптика» бойынша цифрлық шешімдердің клиенттері», – деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек сауда дивизионы Шығыс өңірі В2С сегментінің коммерциялық директоры Ерлан Исанов.