К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қазан 14:58

Қарашада «SK Әзіл Fest» фестивалі өтеді

Бұл – «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметкерлері арасында КВН қайырымдылық кеші.

Елорда төрінде «SK Әзіл Fest» күлкі кеші аясында Қордың барлық портфельдік компанияларынан келген көңілді тапқырлар командалары бас қосады, оның ішінде «НАК «Казатомпром» АҚ командасы да бар.

Жобадан түскен барлық қаражат ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған инклюзивті кабинеттер ашуға жұмсалады. Бұл кабинеттерде оларға білім алу мен дамуға қажетті жағдайлар жасалады. Билеттерді сатып ала отырып, сіз тек әріптестеріңізді қолдап қана қоймай, тең мүмкіндіктер жасауға да үлес қосасыз.

 

Барлық жанкүйерлер мен көрермендерді ұмытылмас кештің бір бөлшегі болуға және біздің командамызға қолдау көрсетуге шақырамыз!

2024 жылғы 6 қараша | 16:00 | Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры (Астана)

https://kvnsamruk.kz/