«Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымынан қамқорлық көрген спортшылар қараша айының басында Астанада өткен әлемдік жарысқа қатысты. Оның ішінде Нұрқожа Қуатаев 14-15 жастағы жасөспірімдер арасындағы 45 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Нұрқожаның жаттықтырушысы Алдаберген Дүйсекенов: «Балаларға спорттық киім алып берген «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз. 26 мемлекеттен 900-ден астам спортшы қатысқан дүбірлі додада қола медаль алуымыз үлкен жетістік! Спортпен айналысып, биік шыңдарға ұмтылған балаларға «Бәрекелді!» деу артық болмас», - дейді.