Асқар Ұзақбайұлы, сондай-ақ, тазартылған алтын өндірісінің өсімі 30%-ға, жолаушылар ағымы 23-ға, уран өндіру 23-ға және мұнай тасымалы 4%-ға ұлғайғанын атап өтті.
1061 шақырымдық "Сарыарқа" магистральдық газ құбыры, "Fly Arystan" лоукостері сияқты ірі инвестициялық жобалар іске қосылды.
Таяуда өткен қорытынды мәжілісте, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов те, Қор тобына кіретін компаниялардың 2019 жылғы жұмысына оң баға берді.
2019 жыл қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобы бойынша 922 млрд теңге көлемінде операциялық пайда алынды, бұл жоспарлы көрсеткіштен 20,5%-ға немесе 157 млрд теңгеге көп. Таза табыс 1 256 млрд теңгені құрады, бұл жоспардан 38%-ға артық.
"Эйр Астана" АҚ жолаушылар тасымалы 2018 жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ таза кірісі болса, 39%-ға жоғарылады. "ҚТЖ" ҰК" АҚ операциялық кірісі ескі жылға қарағанда 35%-ға артты.