Одан кейін өндіріс жастары алғаш мұнай ашушылардың қатарында болған, Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбетәліқызының үйіне барып, ардагер мұнайшының омырауына Қазақстан мұнайының 120 жылдық төсбелгісін тақты. Мұнан кейінгі құттықтау Әділ Нұрмановтың үйінде жалғасты. Көнекөз мұнайшы жастарды ерекше ықыласпен қарсы алды.
"Сіздерге үлкен рахметімді айтам. Біздің үлкейіп қалғанымызға қарамай мереке күндері келіп, құттықтап жатсыңдар. Көп жасаңдар",- деп жастарға батасын берді ақсақал.
Сала жастары 1961 жылы өлкенің тұңғыш мұнай ашушыларының бірі болған Нұрмұхан Қанатбаевты да құттықтап, төсбелгі тақты.
Жастардың ыстық ықыласы мен өнер шашуына ардагерлер дән риза болды.