Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні өндірістің біртіндеп қайта басталатындығы туралы хабарлады. Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр.
«Газ жағу – Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі» делінген NCOC компаниясының ресми хабарламасында.