Зауыттың құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жоба бойынша, Газ өңдеу зауытына Қашағаннан газ 2041 жылға дейін жеткізіліп отырады.
«Осыған байланысты Қашаған кен орнының операторымен Өнімді бөлісу туралы келісімге қосымша келісім әзірленді. Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы мен Қашаған операторы NCOC арасында тиісті келісім 90 пайызға аяқталды. Барлық техникалық, коммерциялық және заңдылық мәселелері шешілді», – деді Зияш Қияқбаев.
Зауыт іске қосылған жағдайда тауарлы газ өндірісін арттыруға, сондай-ақ, Қашағанда мұнай өндірісі көлемін өсіруге мүмкіндік береді.