К 30-летию Независимости Казахстана | 08 мамыр 08:20

Қасиетті жерлерге сенбілік ұйымдастырылды

"Өзенмұнайгаз" АҚ "Өзенмұнайсервис", "Кенқұрылыссервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен бірлесе отырып, Шопан ата, Бекет ата, Қызылсу, Сенек қауымына сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке 130 адам және 6 арнайы техника бөлінді деп Өзенмұнайгаздан.

"Тірліктің қадірін білгің келсе, зияратқа бар" демекші, қасиетті Рамазан айы қарсаңында атқарылған бұл игі шара - мұсылманшылық міндет, қазақы қасиет! Сенбілікке шыққандар талдардың түбін тазалап, әктеп, қалдық тастарды жинап, Шопан ата қауымына қарасты жаңа бөлінген жерге компания демеушілігімен салынған шарбақты сырлап, жаңартты. "KMG EP-Caterinq" ЖШС аспаздары сенбілікке қатысушыларды түскі аспен қамтамасыз етті.

Бірігіп жұмыс істеу, жұмыс біткен соң қауқылдаса отырып ас ішу - адамдарды бауырмалдыққа тәрбиелейтін әдет. Тазалықты сақтау - адамның басты қасиеті. Шопан ата шырақшысы Ыбырайым ақсақал еңбек етушілерге мал сойып, садақа беріп, дастарханға шақырды, келушілерге алғысын айтып, батасын берді" делінген ақпаратта.