Бұл шешім коронавирустық инфекцияның алдын алу, сондай-ақ Air Astana жолаушылары мен экипаж мүшелерінің денсаулығын сақтау мақсатында қабылданды.
Қазақстанға оралу үшін теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы нәтиже шыққан күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 3 күн ішінде жарамды болып саналады.
Әуе компаниясы жолаушыларға санитарлық талаптарды сақтауға және ұшуға алдын-ала дайындалуға кеңес береді және олар аталмыш құжаттарсыз ұшаққа қабылданбайды.