10 күн ішінде 150-ге жуық шебер еңбекті қауіпсіз ұйымдастыру, нұсқаулықтар және құжат жүргізу, тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ жұмыс орнын дұрыс дайындау саласындағы білімдерін нығайтты.
«Еңбек қауіпсіздігі – бұл құқық қана емес, сонымен қатар міндет. Біз мұндай тренингке алғаш рет қатысып, мол білім мен көптеген сұрақтарға жауап алдық», – деді шеберлер.
ҚБМ өндірістегі жарақат пен апаттарды жою үшін барлық шараларды қолданады. Сондықтан, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау департаменті шеберлер мен цех басшылары үшін жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру бойынша оқытуды жалғастырады.