К 30-летию Независимости Казахстана | 11 қараша 09:20

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келісім

2022 жылдың 8 қарашасында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысының полиция департаменті» ММ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Қайрат Сағадиев Ұлттық пошта операторы өз қызметін трансформациялау шеңберінде әріптестікті нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

«Біз бірден бірнеше бағытта уағдаластыққа қол жеткіздік, бұл біздің бөлімшелерімізде тұрақты даму мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытына ерекше назар аударылды. Алда жоспарланған іс-шараларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр, бұл интернет-алаяқтықтың алдын алуда да, адамдардың мүлкін ұрлау жиілігін төмендетуде де нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Қайрат Сағадиев.