Ұжым мүшелерінің ерікті түрде жинаған қаражаттарын мақсатты жұмсау үшін жұмысшылар арасынан комиссия құрылып, олар Мұқыр ауылдық округінің әкімдігімен бірлесе отырып, әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларын анықтады. Нәтижесінде, басқарма орналасқан Мұқыр ауылына қарасты Кенбай бекетінің тұрғыны Байбосынов Мақсот 4 бөлмелі баспана кілтіне ие болды.
Мақсот БАЙБОСЫНОВ, Мұқыр ауылына қарасты Кенбай бекетінің тұрғыны, баспана иесі:
– Осы уақытқа дейін тұрып келген үйім ескі болды. Шпал материалынан құрастырылған. Қыста суық болатын тұрғын үйімізге мүмкіндігіміз тартқанша жөндеу жасап келдік. Алайда, жолдасым Каженова Шынар екеуміз де ақылы қоғамдық жұмыстамыз. Бұл-маусымдық жұмыстар ғой, тұрақты емес, ара-кідік тоқтап қалады. Екеуміздің жалақымыз 60 мың теңгенің көлемінде, отбасымыздың айлық табысы 120 мың теңгені құрайды. Отбасымызда кәмелеттік жасқа толмаған 3 баламыз бар. Балалардың үлкені Аңсаған- колледждің 4 курс студенті. Ортаншы ұлымыз Ақниет те колледж студенті. Кенжеміз Аллаберген Доссор кентіндегі мектеп-интернатының 5 сыныбында оқиды. Балаларымыздың оқу бағасы бар, тапқан табысымыз жаңа баспана алуға жетпей келген еді. Міне, қайнарлық мұнайшылардың көмегінің арқасында жылы да, жәйлі баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымыз шексіз. Жанұямның атынан барша қайнарлық мұнайшыларға алғыс айтамын.