Басқармадағы белсенді жас маман Тоқтар Нығметов 3 жылдан бері волонтерлік қызметпен айналысып келеді. Өткен жылы облыста эпидемиологиялық ахуал күшейген кезде ол вахтааралық демалыс уақытында өзі тұратын Махамбет ауданында жане Атырау облыстық ауруханасында ауырып жатқан адамдарға оттегі баллондарын тасып, дәрі-дәрмек апарып, азық-түлік жеткізумен көмектесті.
Сонымен қатар, достарын жинап, облыс орталығындағы аз қамтылған отбасыларға, қарияларға азық-түлік апарып, үйлерін жинауға жәрдемдескен.
«Ерікті болу жасқа қарамайды. Сондықтан, қиналған жандарға мүмкіндігімше көмек көрсетуге әрдайым дайынмын. Ел басына күн туған кезде қолұшын созған жастардың көптігі көңілге қуаныш сыйлайды. Алдағы мақсатым – қайырымдылық қор ашып, волонтерлікті дамытып, еліміздің өркендеуіне аз да болса өз үлесімді тигізгім келеді», – дейді Тоқтар.