К 30-летию Независимости Казахстана | 02 ақпан 13:29

Қайнармұнайгазда жаңа жатақхана ашылды

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Уаз кен алаңында 30 орындық жаңа модульдік жатақхана пайдалануға берілді.

Бүгінде кен орнында ауысыммен 28 қызметкер жұмыс істейді. Жаңа жатақхананың кілтін «Уаз-Қондыбай» мұнай-газ өндіру бөлімше бастығының орынбасары Мейрамбай Ахметовке мердігер мекеме «Ақтөбе металлқұрастыру зауыты» АҚ өкілі табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, Уаз кен орнында «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы пилотты түрде іске қосылды. ЕМГ-да әзірленген әдістемелер бойынша төмендегі көрсеткіштерді өңдеу және талдау алгоритмдері автоматтандырылды: сұйықтық пен мұнай теңгерімі; мұнай шығындары; ұңғымалардың жұмыс режимдерін оңтайландыру және тағы басқа.

2017 жылдан бастап жоба компанияның басқа кен орындарында таралуда. Жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.