Шахмардан Есенов – Қазақ Кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласындағы маман, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының профессоры. Шахмардан Есенов атақты Қаныш Сәтбаевтың шәкірті. 1952-1960 жылдары ол үлкен Жезқазған тау-кен өнеркәсібінің шикізат бөлімін ашу және бағалау бойынша барлау жұмыстарын басқарды.
Іс-шара соңында конференцияға қатысушылар университет ғимаратының алдына академик Шахмардан Есеновке арналған ескерткіштің алғашқы тасын қойды.
Қазақстанның ғылымын дамытуға қосқан идеялары мен мұрасын жан-жақты насихаттау, ғалымның өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шарада «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ермек Коптлеев құттықтау сөз сөйлеп, компания басқармасы атынан ЖОО басшылығына сый-сияпатын тарту етті.