Атырау облысындағы киелі мекеннің бірі – қазақ мұнайының тарихы басталған Қарашүңгіл жерінде ас берілді. Оған ембілік мұнайшылар мен ардагерлер қатысты.
Ата-баба рухына арнап ас беру-ежелден келе жатқан ұлттық дәстүріміз. Ембіліктер ұлттық салтты сақтай отырып, аруақтарға дұға бағыштады. Қарашүңгіл жерінің тарихы баяндалып, жұртшылық арасында кең тараған аңыз-әңгімелер де айтылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ басшылығының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан ас беру бұған дейін Мақат ауданындағы Байбақты атаның рухына арналып берілген еді.