К 30-летию Независимости Казахстана | 23 тамыз 09:30

«Қазақойл Ақтөбе» компаниясында – жаңа басшы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз құрылымындағы кадрлық тағайындау туралы хабарлады.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры болып Нұрсейіт Союнов тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппарат басшысы Алимұхаммед Құттұмұратұлы Нұрсейіт Союновты кәсіпорын ұжымына таныстырды.

 

Бұған дейін Нұрсейіт Союнов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді. Әр жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-де басшылық лауазымдарда болды.

Еңбек жолын 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да оператор болып бастаған.