К 30-летию Независимости Казахстана | 05 қараша 09:20

Қазақстан – Франция іскерлік кеңесінде «Самұрық-Қазына» бес құжатқа қол қойды

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Парижде бірқатар маңызды кездесулерге қатысты.

Парижде француз ұйымдары мен Қордың портфельдік компаниялары арасында бірқатар келісім жасалды:

ҚТЖ және Societe Generale: Alstom электровоздарын сатып алуды қаржыландырудың негізгі шарттары туралы келісім ҚТЖ-Жүк тасымалы және «ЭҚЗ» ЖШС Alstom компаниясымен: Қосымша келісім бойынша Alstom Қазақстанға 2028 жылға дейін 117 локомотив жеткізеді KEGOC және ASSYSTEM: Қазақстанның ұлттық электр желісінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру бойынша серіктестік орнату және көмек көрсету туралы келісім ҚазМұнайГаз және Axens: Қазақстанда SAF өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру туралы келісім Қазатомөнеркәсіп және Orano S.A.: Қазатомөнеркәсіп пен Orano S.A. арасында білім беру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум.

Атап айтқанда, Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес ұйымы - «Үлбі металлургия зауыты» қызметкерлерінің технологиялар мен технологиялық процестер саласында тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады.