К 30-летию Независимости Казахстана | 29 наурыз 08:31

Қазақстан – Қытай жүк тасымалы 17,6 пайыз артады

Бейнеконференцбайланыс режимінде ТЖЫҰ-ның Жүк тасымалдары жөніндегі комиссиясының отырысы өтіп, ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты кеңес барысында жүк тасымалдау көлемін өткен жылмен салыстырғанда 17,6% арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Оның жұмысына Қазақстан, Вьетнам, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Корея теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияны «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының Маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Ерсін Хасенов басқарды.⠀

Кеңеске қатысушылар 2022 жылға арналған экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көлемдерімен келісті. Жүктерді тасымалдаудың келісілген көлемін орындау жөніндегі техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар қаралды.

ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты кеңес барысында жүк тасымалдау көлемін өткен жылмен салыстырғанда 17,6% арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.