К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қазан 10:30

Қазақстан – транзиттік хаб

Қазақстан негізгі халықаралық көлік дәліздерінің торабында орналасқан.

Трансконтинентальді маршруттар бойынша республика аумағынан 27 млн тоннадан астам транзит өтеді. 27 млн тонна – бұл едәуір үлкен көрсеткіш, шамамен Жер шарындағы халық салмағының оннан бірі.

Жыл басынан бері Қытайдан Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) бойынша контейнерлік транзит көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 есеге өсті.

 

Жаһандық транзиттің тұрақты өсуі Қазақстанның Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша көлік нарығындағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Бағыт бойынша жүкті жеткізу уақыты да қысқарып келеді. ТХКМ жүкті теңіз жолына қарағанда екі есе жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: "Самұрық-Қазына" АҚ Telegram арнасы