Бұл мұнай-газ саласын нығайтуға, электр энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңартылатын энергия қуатын арттыруға қатысты.
Мәселен, мұнай саласында Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын кеңейтуге бағытталған ірі жобаларды іске асыру жалғасуда. Каспий құбыр консорциумы құбырының қазақстандық учаскесінің өткізу мүмкіндігі жылына 54-тен 72,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұл ретте Транскаспий бағыты бойынша мұнайдың алғашқы жеткізілімдері жүргізілді, олар 2 жыл ішінде 3 млн тоннаға дейін арттырылатын болады.