К 30-летию Независимости Казахстана | 19 желтоқсан 10:28

Қазақстан 2024 жылы газ өндірісін арттырды

Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 53,8 млрд текше метр газ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен жоғары.

Есепті кезеңде 5,4 млрд текше метр тауарлық газ экспортталды, бұл өткен жылдың (5,3 млрд текше метр) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,9% құрады.

 

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 18,2 млрд текше метр құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың (16,7 млрд текше метр) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109%-ға орындалды.

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,75 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың (2,67 млн. тонна) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103%.

Жалпы, 11 зауыт (ТШО, ЖГӨЗ, Атырау мұнай өңдеу зауыты, ҚазГӨЗ және т.б.) ішкі нарыққа сұйытылған газды қалыпты, жоспарлы түрде шығарады.

Есепті кезеңде республика бойынша газ транзитінің көлемі 63,9 млрд текше метрді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес (52,7 млрд текше метр) кезеңімен салыстырғанда 121,3% құрады».