К 30-летию Независимости Казахстана | 09 маусым 18:12

Қазақстан АЭС-ті Алматы облысының Үлкен кенті маңында салады

Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясы қайда салынатынын хабарлады.

"Біз мекемеаралық комисия өткізіп, нақты орны емес, (АЭС – ред.) салатын аумақты айқындадық. Ол – Балқаш көлі, Алматы облысының Үлкен кенті", – деді Болат Ақшолақов. 

Оның айтуынша, биыл құрылыстың егжей-тегжейін зерттеу жұмыстары аяқталып, содан кейін нақты координаттары белгілі болады. 

"Одан кейін есептері айқындалады. Бұл үшін технологияны айқындауымыз керек. Онымен келесі жылы айналысамыз", – деді энергетика министрі.