Құжатқа «Silk Road» Тбилиси форумының алаңында қол қойылды.
Үш ел теміржолшылары Транскаспий халықаралық көлік бағдарында мультимодальды сервисті дамыту үшін күш біріктірді.
Жаңа «Middle Corridor Multimodal Ltd.» компаниясы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының базасында құрылады.
Бірлескен жұмыс шеңберінде компания бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетуге, жеткізу мерзіміне кепілдік беруге, Қытай – Еуропа/Түркия – Қытай бағыты бойынша мультимодальды сервисті дамыту бойынша келісілген саясат жүргізуге мүмкіндік береді.