Кездесудің басты назары Қытай - Еуропа бағыты бойынша тасымалдарды ұлғайту перспективаларына, сондай-ақ ТХКБ бойынша инфрақұрылым мен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі негізгі жобаларды талқылауға аударылды.
Отырыс барысында Қазақстан арқылы Еуропаға өтетін транзиттік пойыздардың санын 2025 жылы 600 контейнерлік пойызға (КП) дейін, 2027 жылы 1000 КП - ға дейін және 2029 жылы 2000 КП-ға дейін ұлғайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ және еншілес компания - "KTZ Express" АҚ Каспий теңізі арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстыратын негізгі мультимодальды дәліз болып табылатын ТХКБ дамуын белсенді қолдайды.
Тараптар Қытай-Еуропа көлік қатынасы шеңберінде ТХКБ бойынша ынтымақтастықты нығайту экономикалық қатынастарды дамыту және ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті қалыптастыру үшін маңызды мәнге ие екенін атап өтті.