К 30-летию Независимости Казахстана | 28 қараша 10:25

Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға 4 мың жүк пойызы жеткізілді

Жүк құрамында – автобөлшектер, өндірістік техникалардың жабдықтары, медициналық және өзге де тауарлар бар.

2022 жылы Қытайдың Сианя портынан Қазақстан территориясы арқылы Еуропаға 4 мың жүк пойызы жүріп өткен. Бұл туралы Rail-news.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қытайдың Сианя портынан шыққан жүк еліміздің «Алтынкөл» шекара өткелі арқылы Калининградқа қарай бет алады. Ол жерден теңіз арқылы Ұлыбританияға жеткізіледі.  

Жүк құрамында – автобөлшектер, өндірістік техникалардың жабдықтары, медициналық және өзге де тауарлар бар. Агенттіктің мәліметінше, 23 қараша күні Еуропаға бет алған жүк пойызына негізінен тұрмыстық техникалар тиелген.