Астананың 20 жылдығы мен атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылған жарысқа Қазақстан («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), Венгрия («Пакш» АЭС – «MVM PAKS NPP»), Ресей (Ленинград АЭС – «АНО Атом спорт») және Қырғызстанның (Қарабалта тау-кен комбинаты) командалары қатысты. Кездесулер шеңбер жүйесінде өткізілді.
Турнир қатысушылары айтқандай, жарыстың басты мақсаты – жеңімпазды анықтау ғана емес, сонымен бірге түрлі елдердің атом саласы кәсіпорындарының қызметкерлері арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Тұтастай алғанда, барлық командалар әдемі ойын көрсетіп, жоғары спорттық дайындықтарын аңғартты. Қатысушылар турнирдің ұйымдастырылуы мен спорт мерекесінің айрықша атмосферасын жоғары бағалап, елорданың ерекше сәулетті ғимараттарына тамсана қарады, деп хабарлайды «Қазатомөнеркәсіп» компаниясынан.