«Бүгінде Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Сіздердің елдеріңіз қазақстандық астық пен ұнды дәстүрлі түрде импорттап келеді. Қазақстан бұл тауарларды Ауған нарығына сенімді жеткізуші болды және болып қала береді», — деді Серік Жұманғарин.
Бейнеу терминалы Маңғыстау облысының аумағында орналасқан, Қазақстан-Түрікменcтан шекарасына тікелей шыға алады. Терминалда барлық қажетті өндірістік инфрақұрылым бар. Ол өнімді экспортқа одан әрі тасымалдау үшін құрлықтағы ауыстырып тиеу терминалы-жинақтағыш міндетін орындай алады.
Терминалдың қуаттылығы айына 100 мың тоннаға дейін астық, 12 мың тонна ұн және 3 мың тоннаға дейін құрама жем жөнелтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қазақстанның Оңтүстік Азия бағыты бойынша қытай жүктерін транзиттен өткізу мүмкіндігі бар: бүгінде ол Қытайдан Қазақстан бағытында жүретін барлық контейнерлік пойыздардың 40%-ын біріктіретін Сиандағы (ҚХР) Құрғақ порт аумағындағы меншікті терминал.
Сонымен қатар Ляньюньган портында күн сайын Қазақстан бағытында екі контейнерлік пойыз құрылатын Қазақстан-Қытай терминалы бар.
Осылайша, егер трансауган темір жолдары салынатын болса, онда жүктер Қытайдан Қазақстан арқылы тек батысқа ғана емес, Ауғанстан арқылы Пәкістан, Үндістанға өтеді.
Сондай-ақ Қазақстан тарапынан Қытай–Қазақстан (Ақтауға дейін) – Түркіменстан-Ауғанстан (Тургунди/Анхой) бағыты бойынша Қытай өнімдерін Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстанға жеткізуді әртараптандыру туралы ұсыныс айтылды.
Жүктерді біріктіру үшін Сиань қаласындағы (ҚХР) терминалды пайдалану ұсынылды. Қазақстандық мамандардың есептеулері бойынша Сиань/Үрімші қалаларынан Ауғанстанға (Тургунди/Анхой) ұйымдастырылған контейнерлік пойыздармен тауарлар жеткізу уақыты шамамен 10-12 күнді құрайды.