К 30-летию Независимости Казахстана | 07 сентября 13:01

Қазақстан бидайы қытайдың Сиань қаласына жөнелтілді

6 қыркүйекте 1300 тонна бидай тиелген пойыз Октябрь станциясынан (Тайынша ауданы) Сиань қаласына жөнелтілді, деп хабарлады Rail-news.kz.

Жаңа маршрутты контейнерлік пойыздың ұйымдастырушысы «Кедентранссервис» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) және Сиань қаласының халықаралық құрғақ порты – «Қытай-Қазақстан Сауда-логистикалық компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны.

Солтүстік Қазақстан бидай және ұнтақ өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы, сондай-ақ елдегі астықтың ірі экспорттаушысы. 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейін ҚХР-ға астықтың экспорттық тасымалы 4 есеге ұлғайып, 1,1 млн тоннаға жетті.

«Қытай-Қазақстан сауда-логистикалық компаниясы» ЖШҚ-ның астықпен алғашқы контейнерлік пойызды іске қосумен белсенді қатысуы екі елдің аграрлық және сауда-көлік секторларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін береді және болашақта Сиань қаласында бірлескен кәсіпорын тұрғызатын жүк терминалының қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлері есебінен жөнелту географиясын кеңейтуді және тасымалданатын жүктердің номенклатурасын кеңейте отырып, ҚХР-дан сұранысқа ие импортпен пойыздарды кері жүктеуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.