К 30-летию Независимости Казахстана | 19 ақпан 12:00

Қазақстан бойынша жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау 4,7 пайызға өсті

ҚТЖ желісіндегі тиеу 2024 жылдың қаңтар айында 20,2 млн тоннаны құрады. Ел ішінде теміржол көлігімен тасымалдау 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7% артып, 13,2 млн тоннаға жетті. Экспорт 7 млн тоннаны құрады.

ҚТЖ-ның негізгі әлеуметтік жүктері – тас көмірді тиеу көлемі – 9 млн тоннаны құрады, ел ішінде 6,5 млн тоннадан астам.

ҚТЖ желісінде екінші әлеуметтік жүк – астықтың 720 тоннадан астамы тасымалданды, оның ішінде экспорт - 560 мың тонна.

Мұнай жүктері 2023 жылғы қаңтарға қарағанда 4,8% көп тиеліп, 1,6 млн тоннаға жетті. Экспорт 34,7%, яғни 490 мың тоннадан астамға өсті. Ел бойынша қара метал тасымалы 33,6% артты. Химиялық тыңайтқыштарды тиеу 10,3% өсті. Экспорт 71%, 127 мың тоннаға дейін көбейді.

Сондай - ақ, темір және марганец кендерін тиеу бойынша оң динамика байқалады – плюс 30,7%, 1,5 млн тоннаға дейін, түсті кен – плюс 22%, 1,9 млн тоннаға дейін. Есепті айда құрылыс жүктерін тиеу 687 мың тоннаны құрады.