К 30-летию Независимости Казахстана | 07 апреля 11:23

Қазақстан Каспий теңізі арқылы Еуроодаққа жасыл энергияны экспорттауды жоспарлап отыр

"Орталық Азия — Еуропалық Одақ" саммитіне қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО мен стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті:  

Жасыл энергетиканы дамыту: Қазақстан Total, ENI және Svevind қоса алғанда, еуропалық серіктестермен бірлесіп ЖЭК және жасыл сутегі өндірісі саласындағы жобаларды іске асыруда.  

Энергетикалық инфрақұрылым: Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжан еуропалық нарыққа жеткізу үшін Каспий арқылы жасыл энергияны беру жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруға кірісті.

ЕО-ны аса маңызды шикізатпен қамтамасыз ету: Қазақстан уран, титан, мыс, литий және вольфрамды қоса алғанда, Еуропа экономикасы үшін қажетті 34 негізгі шикізаттың 19-ын өндіреді.

ЕО геологиялық барлау және озық технологиялар: Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен келісім шеңберінде Қазақстан тау-кен өндіру саласында инновациялық және орнықты тәжірибелерді енгізу жөніндегі жобаларға қатысады.

Транзиттік әлеуеттің өсуі: 2024 жылы Транскаспий бағыты бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі 62%-ға артып, 4,5 млн тоннаға жетті. 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Ядролық энергетика саласы: Қазақстан әлемдік ядролық отын көлемінің 40%-ын жеткізе отырып, жаһандық энергобалансты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Қазақстан — Еуропалық одақтың орнықты даму, энергетикалық қауіпсіздік және инновациялық технологиялар саласындағы стратегиялық серіктесі.

Дереккөз: Kazenergy