«ТМД плюс «Көлік ынтымақтастығы: өзара байланыс, тұрақтылық, тиімділік» пленарлық талқылау аясында ТМД мемлекеттері мен көршілес өңірлер арасындағы көлік байланыстарын нығайтудың негізгі мәселелері талқыланды. Талғат Ластаев сөзінде жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға, елдердің транзиттік әлеуетін дамытуға және экономикалық интеграцияны тереңдетуге ықпал ететін тұрақты және тиімді көлік жүйесін қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үйлестіру көлік кеңесінің (ҮКК) 44-ші отырысында халықаралық логистиканы дамытуға атсалысу, көлік саласын цифрландыру, жолаушылар тасымалы перспективалары, ТМД елдері арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Жиындағы негізгі мәселе — ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің (КҮК) өкілетін кеңейту.
Бұдан басқа, Вице-министр ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің Көлік саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің 8-ші отырысына қатысты. Қатысушылар Одақтың көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін, соның ішінде көлік дәліздерін дамытуды, инфрақұрылым жобаларды іске асыруды, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі бастамаларды талқылады.
Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының интеграциялық процестерін нығайтуға және көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін көрсетті. Қазақстан өңірдің орнықты экономикалық өсуіне ықпал ететін бірыңғай көлік кеңістігін құруға бағытталған Стратегиялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуды жалғастырады.