Мәселен, қаңтар-мамыр аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК мен «Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ (Жабық акционерлік қоғамы) арасындағы тасымалдау көлемі 1388,1 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1088,8 тоннаға артық.
Әсіресе, Әзербайжанға астық жөнелту көлемі артты. Яғни, көрсеткіш 128,3 мың тоннаны құрады. Ал Әзербайжан арқылы елімізге келетін мұнай өнімдері мен қара метал көлемі 13,5 есе ұлғайып, 884,6 мың тонна болды. Әзербайжаннан және осы ел арқылы импортталатын тауарлардың арасында химикаттар мен ас содасына сұраныс жоғары.
Азық-түлік тасымалының өсуіне байланысты транзиттік тасымалдар да 2 пайызға артып, 3,1 мың тоннаға жетті. Әзербайжан аграрлық зерттеулер орталығының дерегі бойынша қаңтар-мамыр аралығында Қазақстаннан аталаған елге 49,1 млн долларға астық экспортталған. Әзербайжан астық импортының 41,1% еліміздің үлесінде.