К 30-летию Независимости Казахстана | 21 тамыз 12:46

Қазақстан мен ҚХР арасында ҚТЖ желісі арқылы 18 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 2024 жылдың 7 айында 18,3 млн тоннадан асты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% өсті. 

Қытайға экспорт 1,2 млн тоннаға немесе 18,1% (8 млн тоннадан астам) көп. Транзит 11,2% артып, 8,5 млн тоннаны құрады. Қазақстан мен Қытай арасындағы контейнерлерде тасымалдау 10,5% өсіп, 980 мың ЖФЭ-ні құрады. Оның ішінде экспорт 12,6%, яғни 362 мың ЖФЭ-ге дейін артты. Осы бағытта халықаралық қатынаста 1,1 млн. астам ЖФЭ тасымалданды.