Нәтижелі болған кездесу барысында тараптар геологиялық барлау және кен орындарын игеру саласындағы ғылыми-инженерлік және бенчмаркингтік тәжірибемен алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (кен орындарына сараптау жасаумен және жаңа технологияларды енгізумен айналысатын ҚМГ тобындағы ғылыми-техникалық орталық) сарапшылары Конго кен орындарының сипаттамаларын зерделеу және кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін (ТЭН) жүргізу бойынша қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ, өнеркәсіптік желі саласындағы ынтымақтастық перспективалары және мұнай-газ саласы мен мұнай өңдеу зауыттарына қажетті жабдықтар жеткізушілерді таңдаудың үздік тәжірибелері қарастырылды.
Мұнай-газ химиясы жобаларына халықаралық ірі инвестициялар әкелу үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша ықтимал тәжірибе алмасу және ынтымақтастық тақырыптары талқыланды.
4 тамызда Қазақстан мен Конго мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын естеріңізге сала кетейік. Конго, Total Energies, Chevron и Eni сияқты халықаралық компаниялармен белсенді жұмыс істейтін Африканың мұнай-газ секторындағы үшінші ірі ойыншысы.