К 30-летию Независимости Казахстана | 23 сәуір 09:44

Қазақстан мен Қытай арасында жүк пойыздарының тәуліктік алмасуы айтарлықтай өсті

ҚХР-ға 20 пойыз беріліп, 18 құрам қабылданды.

20 сәуірде Қазақстан мен Қытай шекаралық - Достық станциясында 38 пойыз алмасылды. ҚХР-ға 20 пойыз беріліп, 18 құрам қабылданды.

Экспорттық-импорттық қатынастарда жүктердің тәуліктік берілуі 59,7 мың тоннадан асты. Бұған дейін Достық және Алашаңқай станциялары арасында пойыз алмасу тәулігіне 26 құрамға жеткен.

Рекорд Қытай темір жолы, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, Достық станциясы қызметкерлерінің және Алматы өңірлік тасымалдау басқармасы орталығының мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында орнатылды.