Бұл ретте Қазақстаннан Қытайға 10 млн тонна жүк жолданса, Қытайдан Қазақстанға 6 млн тонна жүк жіберілу үстінде.
Сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ және "Қытай темір жолдары" корпорациясы "Достық - Алашаңқай" шекаралық өткелі бойынша өткізілетін пойыздар санын рекордтық арттыру туралы уағдаласып отыр. Енді Алашаңқай станциясы кең табанды жол бойынша тәулігіне 14 пойыз қабылдаса, ал Достық станциясы тар табаңды жолда тәулігіне 12 пойызды қарсы алмақ. Бұрын бұл көрсеткіш тиісінше тәулігіне 12 және 8 пойыз болған.
"Аталған келісім ҚР аумағы арқылы транзитпен, атап айтқанда Азия елдерінен Еуропаға және Орталық Азияға теміржолмен жүк тасымалдауда барлық кедергілерді жоюға бағытталған", - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.
Бүгінгі таңда, Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдері арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша жүктердің 80%-дан астамы өтетіндігін қаперге саламыз.
2018 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тасымал көлемі 13 млн 979 мың тоннаны құраған.