К 30-летию Независимости Казахстана | 10 шілде 17:40

Қазақстан мен Пәкістан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Федералдық коммуникациялар, жекешелендіру және инвестициялар жөніндегі кеңесінің министрі Абдул Алим Ханмен кездесу өткізді. 

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының негізгі элементі болып табылатын көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Екі елдің маңызды транзиттік әлеуеті ерекше аталып өтті, оның сапалы дамуы ҚР мен ПИР үшін ғана емес, Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріне де оң әсер ете алады. Осы тұрғыда Қазақстаннан, оның ішінде Пәкістанның теңіз порттары арқылы үшінші елдерге жүктерді тасымалдау жанданған негізгі дәліздер белгіленді.

Қазақстан Елшісі Пәкістан тарапын 19-20 шілдеде Ақтау қаласында өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» көлік, сауда және логистикалық 1-ші форумына қатысуға шақырды.

Федералды министр елдеріміз бен өңірлерімізді байланыстыратын көлік-логистикалық маршруттарды дамыту және нығайту қажеттілігі туралы тезисті қолдады, бұл, әрине, екіжақты және өңірлік сауданы ұлғайтуға, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын жандандыруға ықпал ететін болады.

Министрлік басшысы қазақстандық делегацияны Пәкістанның көлік инфрақұрылымымен, оның ішінде Карачи және Гвадар теңіз порттарымен танысу үшін Пәкістанға сапармен келуге шақырды.