К 30-летию Независимости Казахстана | 01 ақпан 08:25

Қазақстан мен Румыния Транскаспий маршрутын дамытуға келісті

Қазақстан мен Румыния көлік министрліктері Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісті.

Көлік министрі Бухарест қаласында Румынияның көлік және инфрақұрылым министрлігінің басшысымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Марат Қарабаев пен Сорин Гриндяну көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберіндегі жобалар талқыланды.

Қазақстанның көлік саласына жауапты министрі аталған Транскаспий халықаралық көлік маршрутының рөлі күн санап артып келе жатқанынын тілге тиек етіп, Қара теңіз бен Еуропаның басым бөлігінің арасында орналасқан Румыния мемлекетінің Орта дәліздің әлеуетін арттыру барысындағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Біз транзиттік жүк тасымалы көлемін өзара арттыру әрі мультимодалдық тасымалдар мен логистикалық үрдістер саласында тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Қазақстан мен Румыния халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша халықаралық келісімнің қатысушылары екенін ескеретін болсақ, аталған дәліз бойындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қызығушылық танытып отырғанымыз орынды», - деді Марат Қарабаев.

Сөз кезегінде министр Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамыту және Азиядан Еуропаға барар жолда транзиттік теміржол және автотасымалдардың жылдамдығы мен сапасын арттыру үшін қабылдаған шаралары туралы айтып берді. Сонымен қатар ол Румыния мемлекетіндегі әуе компанияларын «ашық аспан» режимі аясында Қазақстанға рейстер жасауға шақырды.

Содан кейін Марат Қарабаев пен Сорин Гриндяну Қазақстан көлік министрлігі мен Румынияның көлік және инфрақұрылым министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге ҚР Көлік министрлігі мен Румынияның азаматтық авиация қауіпсіздігін тергеу және талдау басқармасы (SIAA) авиациялық оқиғалар тергеу саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға да қол қойды. |Аталған құжат ынтымақтастықты дамытуға және кеңейтуге әрі ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында еуропалық стандарттар бойынша қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру үшін мүмкіндік жасауды көздейді. .Кездесу соңында қазақстандық тарап Румынияның мемлекеттік және жеке секторларының өілдерін биыл маусым айында Астана қаласында өтетін New Silk Way халықаралық көлік-логистикалық форумына қатысуға шақырды.