Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу жөніндегі қолданыстағы келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды (Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. ресурсынан). Келісімде мұнай жеткізу көлемін айына 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар 2024 жылы ҚМГ Қашаған Б.В. ресурсынан, ал 2025 жылы «Теңізшевройл» ЖШС ресурсынан да мұнай жөнелтіле бастағанын айта кеткен жөн. 2025 жылдың тоғыз айында Шведт мұнай өңдеу зауытына экспортталған Қазақстан мұнайының көлемі шамамен 1,5 млн тоннаны құрады.