Осылайша, Жетісу өңірінің жоба қатысушылары өздерінің шағын бизнесін ашты. Ескелді ауданындағы көп балалы ана Аида Баймұхамбетова кәсіппен айналысуға қажетті білім мен дағдыны бойына сіңіріп, ауылдан шағын тігін цехын ашуға бел буды. Өз жұмысының алғашқы айында 1 миллион теңгеге тапсырыс алды. Қазіргі таңда цехте 3 тігінші жұмыс істейді.
Алакөл ауданынан келген Лаура Қананбай түрлі кондитерлік өнімдер – торттар мен тоқаш пісірсе, «Сұлулық индустриясы» мамандығы бойынша білім алған көп балалы аналар Ләйлягүл Түменова мен Ләйля Мурзабаева Талдықорған қаласындағы сұлулық салондарында жемісті еңбек етуде.