К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қазан 09:26

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан теміржолшылары өз бағытын айқындады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы Астанада Өзбекстан мен Қырғызстанның теміржол әкімшіліктерінің басшыларымен кездесті. Теміржолшылар көлік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында елдер арасындағы жүк тасымалының оң қарқыны  атап өтілді.

Ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 20 млн.тоннадан асты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26,5% артық. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жүк тасымалы 12% өскен.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Әңгіме жүктерді (көмір, ЖЖМ, азық-түлік тауарлары) үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру туралы болды.