К 30-летию Независимости Казахстана | 26 сәуір 15:16

Қазақстан, Ресей және Қытай жаңа көлік хабын құруда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Славтранс-Сервис» АҚ (РФ) және қытайлық «Xian Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd» Селятино станциясында (Мәскеу облысы, РФ) CRK Terminal жаңа көлік-логистикалық орталығының құрылысын бастады.

Құрылысты салтанатты түрде іске қосу аясында Селятино станциясынан 53 контейнерден тұратын «HUB to HUB» контейнерлік пойызы Сиянға жөнелтілді.

Негізгі логистикалық торап Сиань қаласындағы (ҚХР) қазақстандық-қытайлық терминалы, Ресей және басқа елдер арасындағы тікелей көлік қатынасын дамытуға арналған.

 

Жобаны іске асыру жүктерді ауыстырып тиеу және өңдеу бойынша, оның ішінде қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін бірқатар артықшылықтар береді, жеткізу мерзімдеріне оң әсерін тигізеді, контейнерлік тасымалдарды орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауға ықпал ететін болады. Бірлескен кәсіпорын жобаға қатысушылардың әлеуетін барынша пайдалануға және логистика мен терминалдық қызмет бойынша көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді.