К 30-летию Независимости Казахстана | 15 қараша 11:17

Қазақстан Шанхайдағы ірі көрмеде транзиттік мүмкіндіктерді таныстырды

Қазақстан Шанхайдағы 6-шы Қытай халықаралық импорттық көрмесінде (China International Import Expo) келушілерге өзінің логистикалық, инвестициялық, сауда және өнеркәсіптік мүмкіндіктерін таныстырды.

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған делегация құрамында еліміз стендінің тұсаукесеріне «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан халықаралық маңызы бар көлік-логистикалық торапқа айналуға ұмтылатыны атап өтілді. 2014 жылдан бастап Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен бірлесіп құрылған логистикалық терминал жұмыс істейді.

Осы көктемде Сиань Құрғақ портында қазақстандық терминалдың құрылысы басталды. Жоспарлануда: 1300 км жаңа темір жолдарын салу; Қытаймен шекарада 3-ші теміржол өткізу пунктін ашу; «Бақты» және «Қалжат» жаңа құрғақ порттарын салу.

Қазақстанда Еуропа мен Таяу Шығыс бағытында жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.