Пойыздар осы жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
«Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 «Риддер-Новосибирск» халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады. Осылайша Шығыс қазақстандықтардың үндеуі елеусіз қалмады.
Жоғарыда аталған пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған.