К 30-летию Независимости Казахстана | 03 августа 11:05

«Қазақстан темір жолы» АҚ аппарат басшысы болып Дияр Нүсіпқожанов тағайындалды

Дияр Нүсіпқожанов «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалды, қозғалысты және көлікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының «Өңірлік және муниципалдық менеджмент» бағыты бойынша магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын теміржол саласында 2011 жылы бастады. Заң кеңесшісі және инженерден «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Кедентранссервис» АҚ-да басшылық лауазымдарға дейін қызмет еткен. 2025 жылдан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды.