К 30-летию Независимости Казахстана | 14 қараша 12:34

Қазақстан темір жолы астық тасымалдау қарқынын ұлғайтты

2024 жылғы қарашаның 10 күнінде ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53%-ке ұлғайды және 280 мыңнан астам тоннаны құрады.

Оның ішінде экспортқа 190 мың тонна жөнелтілді, бұл өткен жылғы деңгейден 77% -ке жоғары.

Орталық Азия елдеріне астық экспорты 47% –ке (119 мың тонна), Ауғанстанға 5 есеге өсті. Ақтау порты арқылы Иран бағытындағы тасымалдар 9 есе өсті. Ресей арқылы транзит 7 есе өсті.

Есепті кезеңде ел ішінде астық тасымалдау 19% -ке, 91 мың тоннаға дейін өсті.

Қарашаға компания 2 млн тоннадан астам көлемде астық тасымалдау жоспарын құрып отыр, оның ішінде экспорттаушылар үшін 1,6 млн тонна, оның ішінде Сарыағаш шекара өткелі бағытында – 1,4 млн тонна. Алайда, жүк жөнелтушілердің жоспарды 10 күнде орындауы тек 42% құрайды, экспорт 35% -ке, Сарыағаш арқылы 27% -ке орындалады.