Форум бағдарламасында – ішкі жаттықтырушылардың 2023 жылғы жұмысын қорытындылау, 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, үздіктерді марапаттау, сондай-ақ шеберлік сыныбын өткізу.
- Ішкі жаттықтырушылық — бұл қызметкерлерді дамытуға салынған инвестиция ғана емес, сонымен қатар компания үшін стратегиялық артықшылық. Бұл өнімділікті жақсартуға, кадрлар ағының азайтуға және ұжымда жағымды атмосфераны құруға ықпал етеді. Ішкі жаттықтырушылар жұмысының арқасында нарықтағы позиция айтарлықтай нығайып, компанияның бәсекеге қабілеттілігі артып келеді, - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева.
Қазіргі уақытта сертификатталған ішкі жаттықтырушылар пулы компанияның 90 астам қызметкерінен тұрады, олар үлкен сараптамалық тәжірибесі бар, оларды басқа жұмысшыларға беру үшін қажетті құзыреттерге, дағдыларға ие.
2023 жылы «Білім экспресі» жылжымалы даму мектебінің жобасы аясында еліміздің 13 өңірінен 6260 өңірлік деңгейдегі қызметкер оқытылды. Сондай-ақ, өткен жылы компанияның 26 қызметкері оқудан өтіп, ішкі жаттықтырушы сертификаттарын алды. Оларға компанияның ішкі жаттықтырушыларының алғашқы төсбелгілері табысталды.
Форум барысында ҚТЖ ішкі жаттықтырушылары тарихында тұңғыш рет көзге түскен ішкі жаттықтырушыларға компания аппараты басшысының алғыс хаты, даналықтың, ақылдылық пен білімнің символы ретінде «Үкі» естелік мүсіншесі табыс етілді.