«Ляньюньган» ЖШҚ вице-президенті Ван Синьвэн мырза бастаған делегациямен ресми кездесу барысында 2022 жылғы жұмыс нәтижелері талқыланып, Орталық Азия, Корея Республикасы, Жапония және оңтүстік-шығыс Азия елдері арасында Қытайдың Ляньюньган порты арқылы және Қазақстан арқылы тасымалдауды ұйымдастыру бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективалары белгіленді. Тынық мұхиты портындағы қазақстан-қытай логистикалық терминалы арқылы жүк ағынын ұлғайтудың перспективалық векторы ТХКМ арқылы жүктерді тасымалдау болып табылады.
Айта кету керек, 2022 жылы бірлескен терминал контейнерлерін өңдеу көлемі 25 мыңнан астам ЖФЭ құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 6,1%-ке жоғары. Кездесуде қос тарап екі ел арасында қолайлы жағдайлар жасауға және тасымалдау көлемін ұлғайтуға бағытталған жаңа бірлескен көліктік-логистикалық жобалар мен бастамаларды құру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.
Ляньюньган теңіз порты – Қытайдағы теміржол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардың бірі. Теңіз портындағы көлік-логистикалық терминалы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны – «KTZ Express» АҚ мультимодальдық компаниясымен «Ляньюньган порты халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС бірлескен кәсіпорны болып табылады.