К 30-летию Независимости Казахстана | 30 шілде 08:00

Қазақстан ұялы интернет жылдамдығы жөнінен 15 сатыға жоғарылады

Бұл көрсеткіш бойынша республика ТМД мен Орта Азия елдері арасында көш басында.

Қазақстан ұялы интернеттің жылдамдығы жөнінен Speedtest Global Index рейтингінде бір жылда 15 сатыға жоғарылады. 80-орындағы Қазақстан ТМД және ОА елдерінің арасында өсу қарқыны бойынша көшбасшы болып отыр. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған жаңа желі инфрақұрылымына көшу, ұялы мобильді операторларды «Қазақтелеком» магистралды желісіне қосу және сыртқы интернет арналарын 100 Гбит/с интерфейстеріне көшіру арқылы қол жеткізілді.